Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін талқылау бойынша "СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ жиналысының
№ 6 хаттамасы.
Рузаев а. 2025 жылғы 17.06.
Қатысты: 8 адам
Жиналыс төрайымы: В.Н. Котко
Жиналыс хатшысы: А.О. Фаст
Күн тәртібі:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Тыңдағандар: бас маман А. Б. Қожахметова қатысушыларды "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерімен таныстырды. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын және қызметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына сәйкестігін атап өтті. Сонымен қатар қатысушыларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі кезеңдерімен таныстырды:
* Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру;
* Құқықтық актілерді, ішкі рәсімдерді, халықпен және ұйымдармен өзара іс-қимылды талдау;
* Анықталған тәуекелдердің ықтималдығы мен салдарын бағалау;
* Оларды азайту шараларын әзірлеу және ұсыну.
Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және одан әрі азайту үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар талданды.
Шешім: Ақпаратты назарға алыңыз.
Жиналыс төрайымы В.Н. Котко
Жиналыс хатшысы А.О. Фаст