Емханада тіркеуге өтінім

Қарапайым нұсқаулықты орындап, egov.kz порталы мен egov mobile арқылы емханаға тіркелуге өтінім беруге болады.
Ол үшін:
• egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
• Басты бетте: Азаматтарға > Денсаулық сақтау > Медициналық көмек бөлімін таңдаңыз;
• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдап, онлайн өтінім беріңіз;
• Өзіңіз тұрып жатқан аймақ, тіркелгіңіз келетін медициналық ұйым, тіркелу себебі мен медициналық қызметкерді таңдаңыз.
Аталған қызметті egov mobile қосымшасында «Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімінен алуға болады.
Өтінім нәтижесі 1 күн ішінде жеке кабинетіңізге жіберіледі.
Дата публикации
17 мая 2024