
Нұрлыбек Рахметоллаұлы Алғожин 1982 жылы 7 сәуiрде Көкшетау облысы Рузаев ауданының Қарағаш ауылында туған.
Арнайы орта білімі бар 2001 жыл Көкшетау есепсауда колледжі "Қаржы" мамандығы бойыншаЖоғары бiлiмi бар: 2005 жыл, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi, «Қаржыгер» мамандығы бойынша. жоғары оқу орнынан кейінгі білімі 2024 жыл, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, "Құқықтану" мамандығы бойынша
2005 жылдың қыркүйек айынан бастап бiлiм және спорт бөлiмiнiң Орталықтандырылған бухгалтериясының хатшысы қызметiн атқарды.
2006 жылдың қаңтар айынан бастап бiлiм бөлiмiнiң Орталықтандырылған бухгалтериясының хатшысы.
2006 жылдың қазан айынан бастап Новоселов селолық округi әкiмi аппаратының бас маманының мiндетiн уақытша атқарушы.
2006 жылдың желтоқсан айынан бастап Новоселов селолық округi әкiмi аппаратының бас маманы.
2007 жылдың қыркүйегiнен Новоишим селолық округi әкiмi аппаратының бас маманы.
2008 жылдың маусым айынан бастап «СҚО Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның iшкi саясат бөлiмi» ММ бас маманы.
2008 жылдың шiлде айынан бастап «СҚО Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның iшкi саясат бөлiмi» ММ бас маманы.
2010 жылдың қаңтарынан бастап Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан бойынша Салық басқармасының салық төлеушiлермен жұмыс бөлiмiнiң жетекшi маманы, Новоишим селосы.
2013 жылдың наурыз айынан бастап Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан, Новоишим селосы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының салық төлеушiлермен жұмыс бөлiмiнiң бас маманы.
2015 жылдың қазан айынан бастап Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының салық төлеушiлермен жұмыс бөлiмiнiң бас маманы.
2019 жылдың қазанынан Рузаев ауылдық округi әкiмiнiң мiндетiн атқарушы.
2020 жылдың 28 қаңтардан бастап Рузаев ауылдық округiнiң әкiмi.
2023 жылдың 28 тамызынан бастап "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ басшысы-Рузаев ауылдық округінің әкімі болып сайланды