25.06.2024 ж.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ 150400, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 6 каб., анықтама телефоны, факс 8(715-35)22-449, электрондық мекенжай: b.tabarova@sko.gov.kz және tabarova64@bk.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі емес лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әскери есеп үстелі жөніндегі бас маманы
Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-G-3, 1 бірлік.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейiн.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Аудандық Қорғаныс бөліміне есеп берулерді уақытында қамтамассыз ету. Әскери міндетті азаматтар мен әскерге шақырушыларды уақытында медициналық және әскерге шақыру комиссиясына жеткізуді қамтамассыз ету.
Әскери міндетті азаматтар мен әскерге шақырушыларды шақыру жастарына қарай есепті уақытында қамтамассыз ету. Аудандық қорғаныс, денсаулық сақтау бөлімдермен қатынас,шақыру комиссиясының жұмысына қолдау көрсету. АҚ (Азаматтық қорғаныс) және ТЖ (төтенше жағдайлар) жөніндегі құжаттаманы дайындау және өңдеу, жұмысты ұйымдастыру және жүргізу. Шаруашылық кітабын жүргізу және есеп жүргізулерге өзгерістер енгізу. Тұрғындар мен мал санағы бойынша жұмыстар жүргізу. Шаруашылық кітабы бойынша мал, құс және т.б. есебі бойынша, тұрғындар құрамы туралы статистикалық есеп беруді құрастыру.
ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылық) электрондық реестрін жүргізу. Статистика басқармасымен өзара әрекеттесу, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарыне сәйкес халықтың және үй шаруашылықтарындағы мал мен құстың саны туралы статистикалық есептер.
Округ аумағындағы тұрғын үй және тұрғын емес үй-жайлар қорын түгендеу сұрақтары. «Е-халық» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу.
ЖШС (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік) басшыларымен, Ф/Қ (фермер қожалықтарымен) және Ш/Қ (шаруа қожалықтарымен) басшыларымен қарым- қатынас, ақпарат жинау, олардың жұмыстары бойынша жоғары тұрған ұйымдарға есеп беру, ақпарат жинау. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар. «Жеке қосалқы шаруашылық бар екендігі туралы анықтама» мемлекеттік қызмет ету құжаттамаларын жүргізу. «Е-лицензирование» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу.
Ауылдық округі территориясы аумағын тазалау және абаттандыру бойынша жиналыстарға қатысу. Ауылдық округ бойынша дене тәрбиесі және спорт қозғалысын үйлестіру. Ауылдық округ аппаратының веб-сайтында, фейсбукте ақпараттарды жаңарту және орналастыру. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен өзара әрекеттесу.
Мерзімді баспа сөздерге жазылуға жауапкершілік. Ауылдық округ бойынша жастармен жұмыс жүргізу. Тұрғындармен идеологиялық жұмыс жүргізгенде, ішкі істер, денсаулық сақтау, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдарымен аралық байланыста болу, қоғамдық ұйымдармен, ҰОС (Ұлы Отан соғысының ) ардагерлерімен, зейнеткерімен, кәмелетке толмағандармен, жастармен карым-қатынас жасау.
(Блок А)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім, техникалық білім: қызметтер (әлеуметтік жұмыс); білім (010100 0 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту); бизнес, басқару және құқық (құқық және/немесе экономика және/немесе есеп және аудит және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (математика және статистика); бизнес, басқару және құқық (қаржы, банк және сақтандыру ісі); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер); педагогикалық ғылымдар (мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы және/немесе жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия); өнер және гуманитарлық ғылымдар (тілдер және әдебиет); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және ақпарат).
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетiлген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен кеткен тұлғалар, шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен қатысуға құқылы.
Жоғарыда аталған тұлғалар келесі құжаттар тапсырады:
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.";
Қолма қол немесе пошта бойынша толық құжаттар пакетiн ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссия хатшысы осы Ережелердiң 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат бередi.
Құжаттардың толық емес топтамасын, не анық емес мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі оларды хатшының конкурстық комиссия қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық топтамасын электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілеріне жіберіледі.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің уәкілетті органның интернет-ресурсында ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген адам "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы "Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында құжаттарды қабылдайды.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарды қабылдау мерзімінде қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсынады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретiнде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның қызметшiлерi қатыса алады.
Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi.
Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.