GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
08 июня 2026
Қоғамдық кеңесі отырысында

2026 жылғы 5 маусымда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесі отырысында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.

Новоишим ауылдық округінің бас маманы Балғожа Әлихан Әделұлы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы баяндама жасап, Қоғамдық кеңес мүшелерінің қойған сұрақтарына түсініктеме берді.

Жария талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін одан әрі анықтау және оларды жою жөнінде ұсынымдар берді.

 
04 мая 2026
2026 жылғы Il тоқсанға Новоишим ауылдық округі әкімінің және оның орынбасарының жеке тұлғаларды және заңды өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекіту туралы

 

 

 

      

 

 

 

       26        23  сәуір                                           40-р                                 23  апреля         26

 

 

 

 

 

 

2026 жылғы Il тоқсанға Новоишим ауылдық округі

әкімінің және оның орынбасарының жеке тұлғаларды

және заңды өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекіту туралы

 

 

«Әкімшілік рәсімдер туралы»  Қазақстан Республикасы  Заңының                         19-бабы 1-тармағына Қазақстан  Республикасының және «Жеке және занды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 13-бабына сәйкес:

  1. Солтүстік Қазақстан  облысы  Ғабит  Мүсірепов   атындағы  ауданның

Новоишим ауылдық округі әкімінің және оның орынбасарының 2026 жылғы                     II тоқсанына жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі (бұдан-әрі кесте) бекітілсін.

  1. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
17 апреля 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

2026 жылғы 4 мамырдан 12 маусымға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады:

1) ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

29 января 2026
Tүсіндіру әңгіме

 

2026 жылғы 28 қаңтарда «Солтүстік Қазақстан облысы  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнама  талаптарын сақтау бойынша түсіндіру әңгіме жүргізді.

29 января 2026
«Халық заңгері» акциясы
«Халық заңгері» акциясы
​2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 19 мекенжайындағы Мәдениет үйінің ғимаратында «Халық заңгері» акциясы өтеді!
​Аудан прокуратурасының, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ адвокаттар мен нотариустар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді, білікті ұсыныстар береді және сізге көмектеседі.
​Толық және дәлірек ұсыныстар алу үшін өз ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге алып келіңіз.
Біз, құқықтық көмекке мұқтаж азаматтардың барлығын күтеміз!
28 января 2026
Әлеуметтік бейнеролик

https://cloud.mail.ru/public/EZEZ/vgk8i5eH5

https://disk.yandex.kz/d/xY8EoWJwodU5yg

 

27 января 2026
Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/.../mvd-predupredilo-o-vredonosnyh...) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.
20 января 2026
Ана жүрегінің тордағы қасіреті: Солтүстік Қазақстан облысында есірткі қылмысы туралы фильмнің қатаң жалғасы таныстырылды

«Закладшылар. Ана…» — бұл өмірі «бұрын» және «кейін» деп екіге бөлінген әйелдер туралы деректі фильм.
Бұл — күн сайын ұлдарын түрмеден күтіп отырған аналардың тағдырлары.
Бұл — өздері темір тордың ар жағында қалып, ал балалары бостандықта күтіп жүрген аналардың оқиғалары.
Бұл — жүктілігіне байланысты жаза өтеуі кейінге қалдырылған, бірақ бірнеше жылдан кейін түрме бәрібір тағдырының бір бөлігі болатынын түсініп өмір сүріп жүрген әйелдер туралы.

Бұл фильм қылмыс туралы емес.
Ол — үкім де, жаза мерзімі де жоя алмайтын күту, қорқыныш, кінә, махаббат пен үміт туралы

https://www.youtube.com/watch?v=WwISmJUFkRo

 

08 января 2026
WhatsApp-ты бұзып кірусіз және ізсіз «үнсіз басып алу

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы «WhatsApp» мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес кибералаяқтар «WhatsApp» аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолдануда. Бұл әдіс «GhostPairing» деп аталады және парольдерді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар «WhatsApp»-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді.
Сценарийі қарапайым: пайдаланушыға «Facebook» немесе «WhatsApp» атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол «Facebook» пен «WhatsApp» интерфейсін визуалды түрде қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.
Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автоматты түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, «WhatsApp»-қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.
«WhatsApp»-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы - «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз қосылу аккаунттың бұзылғанын көрсетеді және дереу жойылуы тиіс.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:
- белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі хабарландыруларға мұқият болыңыздар;
- «WhatsApp» кодын бөгде парақшаларға енгізбеңіздер, қосымшадан тыс жерде кодты сұрату - әрқашан алаяқтық;
- екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;
- аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп отырыңыздар;
- қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.
Бір қатенің құны - Сіздің жеке хат алмасуыңызды толық бақылау

23 декабря 2025
Интернет-алаяқтық
Халықаралық ақпараттық кеңістікті мониторингілеу барысында интернет-алаяқтық жасаудың жаңа тәсілі анықталды. Зиянкестер жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар немесе банктер атынан жалған хаттар мен СМС-хабарламалар жіберіп, авторизациядағы қате деп, домофонды ауыстыру немесе есептегіш құралдарды тексеру мәселесіне байланысты қайта қоңырау шалуды сұрайды.
Бұл схеманың қауіптілігі – ықтимал жәбірленушілердің қоңырауды өздері бастауында. Соның салдарынан алаяқтар адамдарға өздері қоңырау шалудың қажеттілігінен құтылады және әлеуметтік инженерия тәсілдерін қолдануды едәуір жеңілдетеді.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы