2025 жылдың 4 тоқсаны бойынша
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі жұмыс қорытындылары туралы есепке аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында 4 қызмет түрі бойынша барлығы 71 мемлекеттік қызмет көрсетілді (1-қосымшаға сәйкес):
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту фактілері тіркелген жоқ.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 тоқсанында өзін-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 156 мемлекеттік қызмет көрсетілді (3-қосымша).
2025 жылғы 12 қарашада мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Новоишим ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында келесі қызметтер бойынша түсіндірмелер берілді: «ЭЦҚ-ны қашықтан алу», «Соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама», «Банк қарыздарын, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту».
https://www.facebook.com/share/p/1JXt4AfV1n/?mibextid=wwXIfr
23 желтоқсанда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер бойынша интернет-конференция өткізді.
https://www.facebook.com/share/p/16YXFqzQAc/?mibextid=wwXIfr
Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру (стендтер, мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы) тұрақты негізде жүзеге асырылуда.