ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Новоишим ауылы                                                        2026 жылғы 12 маусым

Кіріспе бөлім

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Новоишим ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №39-ө өкіміне сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдау 2026 жылғы 4 мамыр мен 12 маусым аралығында жүргізілді.

Талдаумен «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 6 мамырдан 2026 жылғы 4 мамырға дейінгі қызмет кезеңі қамтылды.

Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес келесі жұмыс тобының құрамымен жүргізілді: Балғожа Алихан Әделұлы – бас маман, Амантаев Қанат Қайратұлы – Қоғамдық кеңестің мүшесі, Сулейменова Роза Сапарқызы – бас маман, Урманова Дильнара Сабырбайқызы, Батырбаева Әлия Дәулетназарқызы, Беспалинова Лайлихан Әбдімауланқызы, Капенова Айнагүл Амантаевна, Ргебаева Алтыншаш Жанатқызы.

Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • Аппарат қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Аппарат ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сипаттамалық бөлім

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіне қатысты құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны – 0, ішкі құжаттарда – 0.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Талдау барысында жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметін регламенттейтін Ережені, құқықтық актілерді және ішкі құжаттарды зерделеді, оның ішінде 1 ереже мен 5 лауазымдық нұсқаулық қаралды, жүргізілген талдау нәтижесінде құқықтық актілер мен ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

  1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау

Персоналды басқаруға байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны – 0.

Штат кестесіне сәйкес Аппараттың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 10 бірлікті құрайды, нақты жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер саны – 9 адам.

Барлық мемлекеттік қызметшілер әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, штат кестесіне сәйкес Аппаратта еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің саны – 12 адам.

Талдау кезеңінде жеке құрам бойынша барлығы 65 өкім қабылданды. Аталған өкімдерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

Талдау кезеңінде (2025 жылғы 6 мамырдан 2026 жылғы 4 мамырға дейін) кадрлардың тұрақтамауы 0 адамды құрады.

Оның ішінде 2025 жылғы 6 мамырдан 2026 жылғы 4 мамырға дейін:

Жұмысқа қабылданғандар – 3 адам;

Жұмыстан шығарылғандар – 1 адам, оның ішінде теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандар – 0 адам.

2025 жылғы 6 мамырдан 2026 жылғы 4 мамырға дейінгі кезеңде «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары тіркелген жоқ.

Ауылдық округі әкімі аппаратының барлық қызметкерлері атқарып отырған лауазымдары бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

Зерттелген кезеңде барлық қызметкерлер оқыту мен біліктілігін арттырудан белгіленген мерзімдер мен тәртіпке сәйкес өтті.

Талдау кезеңінде еңбек тәртібін бұзу, мемлекеттік қызметте болуға байланысты белгіленген шектеулерді бұзу фактілері анықталған жоқ. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау, сондай-ақ мүдделер қақтығысы фактілері де анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілер жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына кірістері туралы мәліметтерді ұсынады.

Лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарды зерделеу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық деңгейіне теріс әсер етуі мүмкін неғұрлым маңызды тәуекелдерді айқындау мақсатында сыбайлас жемқорлықтың туындауына алғышарттар болуы мүмкін функциялар анықталып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар функциялардың мынадай үлгілік тізбесі қалыптастырылды:

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

- мемлекеттік қызметтер көрсету;

- бюджеттік жоспарлау;

- мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар функциялардың негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар айқындалып, осындай лауазымдардың тізбесі қалыптастырылды.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Мүдделер қақтығысын реттеуге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны – 0.

Аппараттағы мүдделер қақтығысын реттеу рәсімі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 51-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған бапқа сәйкес мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі функциялар ауылдық округ әкіміне жүктелген.

Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша жүргізілген ішкі талдау барысында төмендегідей фактілер анықталған жоқ:

  • жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестестігі;
  • мемлекеттік сатып алуларды жүргізу және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде лауазымды адамдардың үлестестігі;
  • жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп жұмыс істеуі;
  • қолданыстағы заңнамада лауазымды адамдар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы;
  • лауазымдық нұсқаулықтар мен жоспарлы көрсеткіштер арасында қайшылықтардың болуы.

Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны – 0.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №129/НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі негізінде.

 Новоишим ауылдық округі мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру (қызмет көрсету нысаны – электрондық).
  2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру (қызмет көрсету нысаны – электрондық).
  3. Сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру (қызмет көрсету нысаны – электрондық).
  4. Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеу арқылы сату (қызмет көрсету нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде).
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою (қызмет көрсету нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде).
  6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

Талдау кезеңінде Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты «Е-лицензиялау» порталы арқылы 221 мемлекеттік қызмет көрсетті, ал «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 668 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және хабардар ету мақсатында ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында көрнекі ақпарат орналастырылған ақпараттық стенд бар.

Facebook әлеуметтік желісінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен қағидалары бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру материалдары тұрақты түрде жарияланып, жоспар-кестеге сәйкес интернет-конференциялар өткізіледі.

Жұмыс тобы жүргізген талдау барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

Талдау кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны – 0.

Талдау кезеңінде ауылдық округ әкімімен барлығы 103 шешім қабылданды, оның ішінде:

  • жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы – 24;
  • жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы – 51;
  • жер учаскесіне жеке меншік құқығын тоқтату туралы – 14;
  • ортақ бірлескен жеке меншік құқығын беру туралы – 7;
  • жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы – 7.

Азаматтардың өтініштері мен оларға қоса берілген құжаттарды талдау барысында:

  • өтініштерді қанағаттандырудан бас тартуға негіз болатын жағдайлар және қабылданған шешімдерге шағымдану рәсімдеріне қатысты тәуекелдер анықталған жоқ;
  • нормативтік құқықтық базада құқықтық қайшылықтар анықталған жоқ;
  • рұқсат беру құжаттарын (жер пайдалану құқығын беру туралы шешімдерді) беру кезінде дискрециялық өкілеттіктер мен әкімшілік кедергілер анықталған жоқ.
  1. Бақылау функцияларын іске асыру

Бақылау функцияларын іске асыруға байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны – 0.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

6.Қаржы-шаруашылық қызмет

 

Қаржы-шаруашылық қызмет саласында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны – 0.

 

Мемлекеттік сатып алу

 

2025 жылғы 6 мамыр мен 2026 жылғы 4 мамыр аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары тіркелген жоқ.

Талдау барысында ауылдық округі әкімі аппараты жүзеге асырған мемлекеттік сатып алуларға талдау жүргізілді. Аппаратта мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен әзірленіп, бекітіледі.

2025 жылғы 6 мамырдан 2026 жылғы 4 мамырға дейін барлығы 93 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды, оның ішінде:

  • бір көзден тікелей сатып алу тәсілімен – 75;
  • баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 8;
  • өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен – 7;
  • ашық конкурс тәсілімен – 3.

Мемлекеттік сатып алулар бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

Талдау кезеңінде жүргізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулердің сақталғаны анықталды.

Барлық мемлекеттік сатып алу шарттары зерделенді. Жасалған шарттарға талдау жүргізу барысында өнім берушілердің мемлекеттік орган басшысының жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатындығы тексерілді. Ішкі талдау нәтижесінде мемлекеттік сатып алуға мемлекеттік орган басшысының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының әлеуетті өнім беруші ретінде қатысу фактілері анықталған жоқ.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілермен шарттар уақтылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаражатты оңтайлы әрі тиімді пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілермен шарттар заңнамада белгіленген мерзімдерде жасалады.

Бюджеттік жоспарлау

Бюджет процесінің кезеңдеріне (бюджеттік өтінімді қалыптастыру, бюджетті қарау және бекіту, бюджеттік қаражатты бөлу, бюджетті орындау) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы тұрғысынан жүргізілген талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану саласында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны – 0.

Аппарат акима ақпараттық жүйелерді әзірлеуді жүзеге асырмайды. Аппараттың қызметі келесі ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады: ГосРеестр, e-Otinish, E-license. Электрондық құжат айналымын ұйымдастыру және автоматтандыру электрондық құжат айналымы жүйесі (ЭҚАЖ) арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланылатын ақпараттық жүйелерге техникалық сүйемелдеуді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («НИТ» АҚ) және «Интегро» компаниясы жүзеге асырады. E-license және ЭҚАЖ жүйелерінде жұмыс істеу техникалық шектеулерге байланысты тек бір компьютерге қосылған арнайы бөлінген желі арқылы жүзеге асырылады.Аталған ақпараттық жүйелерде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану көзделген.

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны – 0.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне мыналар жатады:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысын ұйымдастыру;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әлеуметтік желі «Facebook» парақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жадынамаларды тұрақты түрде жариялайды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру бойынша аппарат қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Әкім аппаратының ресми сайтында тұрғындарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және оларды болдырмау шаралары туралы ақпараттандыруға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі жұмыс істейді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де бекітілген жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрақты түрде жүргізіледі. Талдау нәтижелері бойынша дайындалған аналитикалық анықтамалар ресми интернет-ресурста «Жаңалықтар» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімдерінде жарияланады.

Ауылдық округ әкімі тарапынан мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуы тұрақты бақылауда.

Халыққа электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін үйрету бойынша «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында тұрақты түрде оқыту жұмыстары жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау, оларды орындау мерзімдерінің сақталуын бақылау, оның ішінде азаматтарды жеке қабылдау барысында түскен өтініштер бойынша мониторинг және бақылау тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат «Facebook» әлеуметтік желісінде және ресми интернет-ресурста жарияланады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Ішкі талдау нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қызметі зерттеліп, өтініштерді қарау уақтылы жүргізілетіні және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдердің сақталатыны анықталды. Әкім аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы фактілерге қатысты өтініштер түспеген.

2025 жылғы 6 мамыр мен 2026 жылғы 4 мамыр аралығында ауылдық округ әкімі аппаратына барлығы 41 өтініш түскен, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 35, заңды тұлғалардан – 6 өтініш.

Ауылдық округ әкімі аппаратының веб-сайтында азаматтарды және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-novoishim?lang=ru.

 

Әкім аппаратында азаматтарды қабылдау кестесі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің мәтіні жалпыға қолжетімді түрде орналастырылған.

Зерттелген кезеңдегі өтініштерді талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы өтініштер тіркелмеген.

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Жалпы ұсынымдар тізбесі:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін Новоишим ауылдық округі әкімінің аппаратының веб-сайтында орналастыру.
  2. Қызметкерлер арасында этика мәселелері, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бойынша ішкі оқытуларды, түсіндіру іс-шараларын, дөңгелек үстелдерді және сауалнамаларды тұрақты түрде өткізу.

ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ

Новоишим аулдық округ әкім

аппаратының бас маманы                                   Сулейменова Р.С__________

      

Новоишим аулдық округ әкім

аппаратының бас маманы                                    Урманова Д.С__________

    

  Новоишим аулдық округ әкім

аппаратының бас маманы                                    Батырбаева А.Д__________

     

Новоишим аулдық округ әкім

аппаратының бас маманы                                    Беспалинова Л.А__________

      

 Новоишим аулдық округ әкім

аппаратының бас маманы                                    Капенова А.А__________

      

 Новоишим аулдық округ әкім

аппаратының бас маманы                                    Ргебаева А.Ж__________

     

Новоишим аулдық округ әкім

аппаратының бас маманы                                   Балғожа А.Ә__________

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның

 Қоғамдақ кеңес мүшесі                                      Амантаев К.К. _________

 

 

 

   

Танысты:

Новоишим ауылдық округ әкімінің м.а.                               А.А. Капенова

«__» ________ 2026 г

 

 

Дата публикации
02 июля 2026