ЖОБАСЫ
Новоишим ауылы № 2026 жылғы ___ сәуірдегі
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 36-8 «2026-2028 жылдарға арналған
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Нежинка
ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Нежинка ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 56 416,7 мың теңге:
салықтық түсімдер – 24 050 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 226 мың теңге; трансферттер түсімі – 30 140,7 мың теңге; 2) шығындар – 59 826,3 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0: бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржылық активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 409,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 409,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 409,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
мәслихатының төрағасы С. Баумағанбетов