Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Нежин ауылдық округі әкімінің «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы» шешімінің жобасын әзірледі. Аталған жоба Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Нежин ауылдық округінің Тоқсан би ауылында орналасқан, жалпы алаңы 2,2576 гектар жер учаскесіне сумен жабдықтау жүйесін салу үшін 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жария сервитут белгілеу мақсатында әзірленді.
Нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қаржылық шығындарды көтермейді, сондай-ақ олардың қызметінің құқықтық режимі бұзылмайды.