Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка  ауылдық

округі әкімінің

2025 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 62-ө өкімімен бекітілген

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка  ауылдық округі әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарға сәйкес әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қалыптастыру мынадай бағыттардан тұрады:

1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін картаға түсіру;

2) мүдделер қақтығысын болдырмау;

3) қаржылық бақылау шаралары;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

5) есептілікпен ашықтық;

6) мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі қағидаттары:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басымдыққа алу;

3) жариялылық пен айқындық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) жекжаттар – ата-анасы бір және ата-анасы бөлек туған ағалы-інілер және апалы-сіңлілер, ата-аналары және жұбайының (зайыбының) балалары:

2) квазимемлекеттік сектордың сатып алу – «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен оның ұйымдарынан басқа квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен тапсырыс берушілердің ақылы негізде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

3) қоғамдық бақылау – қоғамдық бақылау субъектілерінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және формаларда жүзеге асырылатын, қоғамдық бақылау объектілерінің актілері мен шешімдерінің қоғамдық мүдделерге сәйкестігін талдауға және бағалауға бағытталған қызметі;

4) қоғамдық бақылау субъектілері – Қазақстан Республикасының азаматтары; діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар; сондай-ақ қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға өкілеттік берілген өзге де субъектілер;

5) қонақжайлылық таныту – іскерлік қатынастарды орнатуға, нығайтуға немесе дамытуға арналған тамақтану (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және т.б.), қабылдау, ойын-сауық, қоғамдық немесе спорттық іс-шараларға билеттер ұсыну. Бұл ретте, қонақжайлылық таныту үшін шақырушы тараптың өзі қатысуы қажет, әйтпесе шыққан шығындар сыйлық деп есептеледі;

6) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;

7) мемлекеттік сатып алу – тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы;

8) отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), ата-аналар, балалары (оның ішінде кәмелет жасына толған), сондай-ақ асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдар;

Дата публикации
26 декабря 2025