Хаттама
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау хаттамасы
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
Нежинка ауылы 11:00 сағат
2026 жылғы 24 сәуір
Қатысқандар:
Нежинка ауылдық округінің әкімі – Оспанова О.А.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты бас маман – Киселев И.П., мемлекеттік орган мамандары, ауылдық округ тұрғындары.
Барлығы: 30 адам қатысты.
Күн тәртібі
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.
Есеп қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан сұрақтар түскен жоқ.
Жария талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсынымдар берілді:
электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру;
азаматтарды толыққанды ақпараттандыру мақсатында мобильдік қосымшаларды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту;
ауылдық округ әкімінің сайтында мемлекеттік қызметтер стандарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты уақтылы жаңарту;
электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіретін жадынамалар мен буклеттер тарату;
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын, бекітілген стандарттарды және оларға енгізілген өзгерістерді мұқият зерделеу;
мемлекеттік қызметтерді белгіленген мерзімдерде көрсету.
Мерзімі: тұрақты түрде
Осы хаттаманың орындалуын бақылау мемлекеттік қызметтер көрсететін бас маман – Киселев И.П.-ға жүктелсін.
Нежинка ауылдық округінің әкімі О. Оспанова