2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

                                        ЖОБА

2025-2027  жылдарға арналған

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

Қырымбет ауылдық округінің

 бюджетін бекіту туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 35 969 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 774 мың теңге;                                                                              салықтық емес түсімдер – 0;                                                                     негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 718 мың теңге;                                                                   трансферттер түсімі – 29 477 мың теңге;                                                                                       2) шығындар – 35 969  мың теңге;                                                                                               3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:                                                                                      бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 

4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0: 

қаржылық активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0:

қарыздар түсімі – 0;    

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0;

  1. 2025 жылға арналған Қырымбет ауылдық округінің кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес, мынадай салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатындығы белгіленсін:

1) ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой    медиатор үшін – тұрған жерінен;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке      тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;

2) ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері   бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

3) ауылдың  аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды

тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;

          3-1) бірыңғай жер салығынан;

  4) көлік құралдары салығынан:

тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан;

4-1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан.

  1. Ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық емес түсімдер болып:

1) ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер табылады.

  1. 4. Ауылдық округ бюджетіне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер табылады.

  1. Аудандық бюджеттен Қырымбет ауылдық округінің бюджетіне берілетін субвенциялар көлемі 20 901 мың теңгені құрайды.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

          мәслихатының төрағасы                                    С. Баумағанбетов

 

 

2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Қырымбет ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы
Дата публикации
25 декабря 2024