Құқық кабинеті

«Құқық кабинеті» — үйіңіздің жанындағы заңдық көмек.

 Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.

Аймақтың аудандық және ауылдық әкімшіліктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары негізінде орналасқан «Құқық кабинеттері» деп аталатын бөлмелер жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қол жетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.

 Олардың көмегімен тұрғындар өз елді мекендерінен шықпай-ақ, дербес түрде құқықтық ақпарат ала алады, мемлекеттік қызметтерге жүгіне алады және электрондық өтініштер жібере алады.

«Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ААЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Зан» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (ӘОҚАЖ); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді тез табуға, электрондық форматта өтініштер мен сұраулар беруге, өтініштердің күйін бақылауға, сондай-ақ кеңес беру және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.

Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы ақпарат, құқықтық қызметтердің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округтердің мамандары нұсқаулықтан өтті, оларға жүйенің жұмыс істеу принциптері түсіндірілді. Қазіргі уақытта азаматтардың келу жиілігі мен жүгіну деңгейін бақылау жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заңдық көмек алу үшін ыңғайлы жағдайлар жасау.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру жұмысы үнемі жалғасуда. «Құқық кабинеті» — бұл заңдық көмек қолжетімді, түсінікті және әрбір тұрғынның жанында болуына тағы бір қадам.

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті

Дата публикации
10 апреля 2026