«Байсалды ауыл» жобасы шеңберінде азаматтар жиынын өткізу туралы ақпарат

«Байсалды ауыл» жобасы шеңберінде азаматтар жиынын өткізу туралы ақпарат

2026 жылғы 3 сәуірде құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықтың маскүнемдік деңгейін төмендету және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Көкалажар ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылының тұрғындары арасында «байсалды ауыл» жобасын іске асыру шеңберінде азаматтар жиыны өткізілді.   

Іс-шараға ауылдық округ әкімі, учаскелік полиция инспекторы, сондай-ақ Сарыбұлақ ауылының тұрғындары қатысты.

Жиын барысында маскүнемдіктің, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтағаны үшін азаматтардың жауапкершілігін арттыру мәселелері қаралды. Халықты салауатты өмір салтын насихаттауға, жастардың бос уақытын ұйымдастыруға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шараларға тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша тұрғындар  «байсалды ауыл» жобасын одан әрі іске асыру жөніндегі бастаманы қолдады, сондай-ақ елді мекенде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қолайлы әлеуметтік ортаны қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Дата публикации
06 апреля 2026