хабарландыру

«Халық заңгері» акциясы

 

         2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 19 мекенжайындағы Мәдениет үйінің ғимаратында «Халық заңгері» акциясы өтеді!

         Аудан прокуратурасының, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ адвокаттар мен нотариустар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді, білікті ұсыныстар береді және сізге көмектеседі.

         Толық және дәлірек ұсыныстар алу үшін өз ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге алып келіңіз. Сондай-ақ аудан тұрғындары да онлайн режимінде сауалдарын қоя алады.

Біз, құқықтық көмекке мұқтаж азаматтардың барлығын күтеміз!

Дата публикации
29 января 2026