шешім

 

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 14-5 «2024-2026 жылдарға арналған

 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Көкалажар

ауылдық округінің  бюджетін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 14-5 «2024-2026 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Көкалажар ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ  жаңа  редакцияда  жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Көкалажар ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және                     3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 35 160,4 мың теңге: 

салықтық түсімдер – 5 358,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

трансферттер  түсімі – 29 802 мың теңге;

2) шығындар – 35 487,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0: 

бюджеттік кредиттер – 0;     

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 326,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 326,8 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 326,8 мың теңге.»;

          көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

 мәслихатының торағасы                                  С. Баумағанбетов

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 августа 2024