Профилактика скотокрадства

 

Мал басын ұстаушылар арасында малды қараусыз жаюға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ аумағында мал ұрлығының алдын алу, ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына жол бермеу, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында мал иелеріне, әсіресе автомобиль жолдары мен елді мекендерге жақын жерлерде жануарларды қараусыз жаюға жол бермеу қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар мал басын GPS-датчиктермен жабдықтаудың тиімділігі туралы ақпарат жеткізілді.

Дата публикации
26 августа 2026