Тұжырымдаманы іске асыру аясында «Таза Қазақстан» тұрақты негізде абаттандыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде, ауылдық округ тұрғындары мен әкім аппараты қызметкерлерінің қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылуда. Көшелер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазарту, жол жиектерін, іргелес аумақтарды және ортақ пайдаланылатын орындарды тазалау, сондай-ақ жиналған қоқысты шығару жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік нысандарға, балалар алаңдарына және халық көп жиналатын орындарға іргелес аумақтарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Арамшөптерді шабу, аумақтарды қураған шөптерден және тұрмыстық қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.