Мал ұрлығының алдын алу бойынша

Мал ұрлығының алдын алу шаралары аясында ауылдық округ әкімінің аппаратында учаскелік полиция инспекторы мен жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесу барысында ауылдық округ аумағындағы жедел жағдай, мал ұрлығы фактілерінің алдын алу, халық арасында профилактикалық жұмысты күшейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының иелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Аулаларды аралау, жануарларды міндетті сәйкестендіру, ұйымдастырылған мал жаю, бақылаусыз жайылымға жол бермеу мәселелері бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.                                  

Дата публикации
30 июля 2026