2026 жылдың 2 шілдесінде Көкалажар ауылдық округінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді. Округ тұрғындарына отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, зардап шеккендердің құқықтары туралы ақпаратты, сондай-ақ көмек пен қолдау көрсететін қызметтердің байланыс деректерін қамтитын тақырыптық жадынамалар табыс етілді. Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың хабардарлығын арттыруға және зорлық-зомбылықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.