2026 жылғы 28 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Көкалажар ауылдық округі әкімінің аппаратында Ашық есік күні өтті, іс-шараға ауылдық округтің фермерлері қатысты. Қатысушылар үшін танысу кездесуі ұйымдастырылды, оның барысында қатысушыларға мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, сондай-ақ электрондық форматта қызметтер алу мүмкіндіктері түсіндірілді. Іс-шара барысында фермерлер жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, субсидиялау және қажетті құжаттарды ресімдеу саласындағы сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ қатысушыларға өзіне-өзі қызмет көрсету аймағының жұмысы және электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді алу тәртібі көрсетілді. Ашық есік күнін өткізу халықпен өзара іс-қимылды нығайтуға, азаматтардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.