Интернет алаяқтық

Қаржылық сауаттылық күні аясында учаскелік полиция инспекторы Ш.Д. Изтулин алаяқтықтың жаңа түрлерінің алдын алу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Округ тұрғындарына интернет - және телефондық алаяқтықтың ең көп таралған схемалары, соның ішінде банктер, құқық қорғау органдары және мемлекеттік қызметтер қызметкерлерінің атынан қоңыраулар, мессенджерлер арқылы алаяқтық, жалған сілтемелер мен сайттар, онлайн-кредиттерді ресімдеу, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды бұзу жағдайлары түсіндірілді.     Сондай-ақ халыққа үшінші тұлғалардың кредиттерді алаяқтық ресімдеуден қорғау шараларының бірі ретінде электрондық үкімет порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды ресімдеу тәртібі түсіндірілді.                                               Азаматтарға растау кодтарын, банк карталарының деректерін және жеке ақпаратты бөгде адамдарға бермеуге, сондай-ақ интернет арқылы онлайн-төлемдер мен сатып алулар жасау кезінде қырағылық танытуға кеңес беріледі.

Дата публикации
15 мая 2026