«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Көкалажар ауылының скверінде ағаш көшеттерін отырғызу бойынша сенбілік өткізілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары, «Тұкым» ЖШС қызметкерлері және жергілікті атқарушы органның өкілдері қатысты. Сенбілік барысында қатысушылар топырақ дайындау, көшет отырғызу және оларды суару бойынша жұмыстар жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты экологиялық жағдайды жақсарту, аумақты көгалдандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру болып табылады. Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың бірігуіне, экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға және өмір сүруге қолайлы орта құруға ықпал етеді. Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасады.