Ұжыммен түсіндіру жұмысы

Ұжыммен түсіндіру жұмысы

2026 жылғы 9 маусымда Дружба ауылдық округінің әкімі А. Қ. Омаров ұжыммен интернет-алаяқтықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, цифрлық сервистер мен әлеуметтік желілерді пайдалану кезіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ жеке деректерді қорғау тәсілдері қарастырылды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, кәсіби қызметте адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ұжымға құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ұсынымдар берілді.