2025 жылғы 16 қыркүйекте Дружба ауылдық округінің әкімі А. Омаров мемлекет Басшысының "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу" тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Дружба ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:
* инвестицияларды тарту және өңдеу өнеркәсібін дамыту;
* тұрғын үй — коммуналдық және су инфрақұрылымын жаңғырту;
* аграрлық секторды одан әрі дамыту.
Іс-шараға 24 адам қатысты.