Меню

Страницы

Статья

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

Өтініш — әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс нысанында жіберілген өтініш немесе шағым.

Өтінішті қабылдау — әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішін қабылдау жөніндегі әрекеті.

Өтінішті тіркеу-есепке алу ақпараттық құжатында өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректерді тіркеу және келіп түскен әрбір өтінішке тіркеу нөмірін беру.

Өтінішті қарау-әкімшілік органның, лауазымды адамның өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдауы.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

Ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт — іске асырудан бас тартатын, әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын шектейтін, тоқтататын немесе оған міндет жүктейтін, сондай-ақ оның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын акт.

Қолайлы әкімшілік акт — әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асыратын немесе оған жүктелген міндетін тоқтататын, сондай-ақ оның жағдайын басқаша жақсартатын акт.

Дата публикации
11 апреля 2025
Дата обновления
14 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 мая 2026
Бюджет
03 декабря 2025
Құқықтық мәселелер бойынша «Цифрлық көмекші» чат-боты
24 октября 2025
Президент Жолдауын талқылау бойынша тың орта мектеп ұжымымен кездесу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы