Меню

Страницы

Статья

Медиация

Медиация — тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын, өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуі кезінде тараптар арасындағы дауды (жанжалды) реттеу рәсімі.

Медиатор – «Медиация туралы» Заңның талаптарына сәйкес тараптар медиацияны кәсіби негізде немесе қоғамдық негізде жүргізу үшін тартатын тәуелсіз жеке тұлға.

Медиацияға қатысушылар — медиатор және медиация тараптары, медиация тараптарының уағдаластығы бойынша медиация рәсіміне тартылған адамдар, оның ішінде өкілдер, аудармашылар, сарапшылар, мамандар және басқа да адамдар.

Медиация тараптары — медиация рәсіміне қатысатын жеке және заңды тұлғалар немесе тұлғалар топтары, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар.

Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім  тараптардың медиация нәтижесінде қол жеткізген жазбаша келісімі.

Медиацияны қолдану аясы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, әкімшілік органдардың, лауазымды адамдардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу барысында, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) болып табылады Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауырлығы аз және орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе және Атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар.

Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен дауларға (жанжалдарға) медиация рәсімі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қолданылады.

Медиация рәсімі сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша қолданылмайды.

Дата публикации
11 апреля 2025
Дата обновления
17 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 мая 2026
Бюджет
03 декабря 2025
Құқықтық мәселелер бойынша «Цифрлық көмекші» чат-боты
24 октября 2025
Президент Жолдауын талқылау бойынша тың орта мектеп ұжымымен кездесу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы