2025 жылғы 9 сәуірде Дружба ауылдық округінің әкімі А. Қ. Омаров Целинное ауылы тұрғындарының жиынын өткізді. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды: ІҚМ жаю, абаттандыру, әр түрлі. Округ әкімі абаттандыру және мал жаю ережелерін түсіндірді. Учаскелік полиция инспекторы Д. Ю. Смола халықты интернет — алаяқтықтың алдын алу, Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік тақырыптары бойынша хабардар етті. Келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар берілді. Жиынға 30 адам қатысты: "Целинное" ЖШС директоры — 2004 Ибраев С. Қ., ЖШС қызметкерлері, әкім аппаратының мамандары, ауыл тұрғындары.