2025 жылғы 13 ақпанда Дружба ауылдық округінің әкімі А. Омаров Володар ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді. Диалог барысында кездесуге қатысушылар округтің әлеуметтік-экономикалық дамуымен және 2024 жылғы инвестициялық жобалардың іске асырылуымен, сондай-ақ 2025 жылға қойылған мақсаттармен танысты.
Баяндамадан кейін әкім тұрғындардан ауылды абаттандыруға, көгалдандыруға, республикалық трассадан ауылға кіреберіс жолды жөндеуге, денсаулық сақтауға, пошта бөлімшесін жөндеуге және төлемдерді оңай қабылдау үшін компьютер орнатуға қатысты барлық сұрақтарға түсініктеме берді.