Меню

Страницы

Статья

Байқау

02.10.2024 ж. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ 150400, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим а., Абылай-хан көшесі, 28, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 6 каб., анықтама телефоны, факс: 8(715-35)22-449, электрондық мекенжай:  b.tabarova@sko.gov.kz   төменгі болып табылмайтын «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға облыстың жергілікті атқарушы органдары арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі әкімінің  аппараты» КММ бухгалтерия жөніндегі бас маманы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты Е-G-3, 1 бірлік.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 195549 теңгеден                      224624 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Келіп түсетін ақша қаражаттарының, тауар-материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың толық есебін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қозғалыстары мен байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте уақытында көрсетілуі; шығыстар сметасының орындалуын дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету; бастапқы құжаттар негізінде бухгалтерлік есептілікті жасау, тиісті органдарға белгіленген мерзімде ұсыну; бухгалтерлік

құжаттардың сақталуы және оларды белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсыру; еңбекақы қорының дұрыс жұмсалуын бақылау, лауазымдық айлықақыларды белгілеу, штаттық тәртіпті сақтау; жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу, штаттық кестеге сәйкес жалақыны есептеу; табыс салығынан, міндетті зейнетақы аударымдарынан уақытылы аударымдарды жүргізу; мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталда жұмыс істеу; экономика және қаржы бөлімімен өзара іс-қимыл жасау; Дружба ауылдық округі әкімі аппаратының мөрін сақтау үшін жауапкершілік; айыппұлдарды қабылдау; берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуын және тапсырылуын бақылау.

(Блок В)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім, техникалық білім: бизнес, басқару және құқық (экономика және/немесе есеп және аудит және/немесе қаржы); бизнес, басқару және құқық (қаржы, банк және сақтандыру ісі).

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша  функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

          Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы                   21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

                        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

       2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

          Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретiнде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның қызметшiлерi қатыса алады.

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.gov.kz ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде b.tabarova@sko.gov.kz  электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынылуы тиіс. Анықтама алу телефон - факсі 8(71535) 22449.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң шешiмiне шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

___________________________________________________________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 Мені_______________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

 Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                                            (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

e-maіl: _______________________________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________________________

________ _____________________________________________________________________

(қолы)      (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

"___"_______________ 20 __ ж.

 

Дата публикации
02 октября 2024
Дата обновления
02 октября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 мая 2026
Бюджет
03 декабря 2025
Құқықтық мәселелер бойынша «Цифрлық көмекші» чат-боты
24 октября 2025
Президент Жолдауын талқылау бойынша тың орта мектеп ұжымымен кездесу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы