
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ауылдық округтер халқының тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін халық шаруашылығының жетекші салаларының бірі болып табылады.
Бұл саладағы негізгі міндеттердің бірі - округ аумағын абаттандыру. Абаттандыру жұмыстары шеңберінде: кентішілік жолдарды асфальттау, себу және профильдеу, қыс мезгілінде - жолдарды қардан тазарту, көше жарығын орнату және жөндеу, балалардың ойын және спорт алаңдарын жайластыру, ҚТҚ полигондарын бұрғылау, қоқыс пен көңді шығару, тозығы жеткен үйлерді бұзу, көшеттерді отырғызу, бағаналар мен ағаштарды ақтау және т. б.
«Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғау, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.