
Құқық бұзушылықтардың алдын алу — құқық бұзушылықтардың профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою жолымен құқық тәртібін сақтауға және нығайтуға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
Құқық бұзушылықтың алдын алу қағидаттарға негізделеді:
- адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және сақтау;
- заңдылық;
- жариялылық;
- құқықтар мен міндеттердің бірлігі;
- адамгершілік;
- ғылыми негізділік;
- жеке өмірге қол сұғылмаушылық;
- құқық бұзушылықтардың профилактикасының алдын алу шараларының репрессивтілерден басымдығы;
- кешенділік пен жүйелілік.
Дружба ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алуды әкім аппараты учаскелік полиция инспекторы – Смола Дмитрий Юрьевичпен бірлесіп жүзеге асырады. Телефон: 87756245606.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында келесі жұмыстар жүргізілуде:
- аудан тұрғындарымен, мектеп оқушыларымен, еңбек ұжымдарында түсіндірме әңгімелер өткізу;
- үй-жайларды аралау және рейдтік іс-шаралар;
- құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ақпараттық брошюралар, жадынамалар мен буклеттер тарату;
- Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде, WhatsApp мессенджерінде Дружба ауылдық округі әкімі аппаратының ресми сайтында жадынамалар жариялау.
