
Вероника Викторовна Мышкина 1997 жылы 1 шілдеде Көкшетау облысы Куйбышев ауданы Куйбышевский кентінде дүниеге келген.
2015-2019 жылдары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде бакалавриат бағдарламасы «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды.
2019-2021 жылдары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде магистратура бағдарламасы «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды.
Жұмыс кезеңінде ол өзін сауатты және жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Ұжымда әріптестер тарапынан құрметке ие. Еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзуға жол бермейді.
2019 жылдың шілдесінен 2019 жылдың қазанына дейін «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманының көмекшісі болып жұмыс істеді.
2021 жылдың 1 маусымынан 2021 жылдың 31 қазанына дейін «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ статистик болып жұмыс істеді.
2021 жылдың 1 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маман.