GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
21 октября 2026
Информационно-разъяснительная работа по реализации государственной гендерной и семейной политики.
20 октября 2026 года специалист аппарата акима Чистопольского сельского округа провела информационно-разъяснительную работу, посвященную реализации государственной гендерной и семейной политики.
В ходе мероприятия с жителями были обсуждены ключевые направления государственной поддержки семей, вопросы укрепления института брака, защиты прав женщин и детей, а также обеспечения равных прав и возможностей для всех членов общества.
Такие встречи направлены на повышение правовой грамотности населения, формирование нулевой терпимости к любым формам бытового насилия и создание гармоничного общества, основанного на взаимном уважении.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
21 октября 2026
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша брошюралар таратты
2026 жылғы 19-20 қазан «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі маманы мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсету мәселелері бойынша брошюралар таратты:
1) «Тіркелгендер туралы анықтама жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы";
2) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау жөне беру».
Барлығы 450 брошюра таратылды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
20 октября 2026
«Айқын нәтиже» акциясы аясында

«Айқын нәтиже» акциясы аясында Чистополье ауылының аумағында балалар ойын алаңына тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша ойын және спорт жабдықтары құрылымдарының техникалық жай-күйі қанағаттанарлық екені анықталды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
20 октября 2026
eGov Mobile мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа форматына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі
2026 жылдың 16 қазанында Чистополье ауылының Мәдениет үйі ғимаратында тұрғындармен eGov Mobile мобильді қосымшасындағы eGovGPT арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа форматына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Еркін жағдайда өткен кездесу барысында қатысушыларға қажетті мемлекеттік қызметтерді іздеуді жеңілдететін, сондай-ақ оларды алуды азаматтар үшін ыңғайлы әрі қолжетімді ететін цифрлық сервистің мүмкіндіктері туралы айтылды.
Бүгінгі таңда eGovGPT арқылы 55 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін олардың санын 150-ге дейін арттыру жоспарлануда.
Жасанды интеллект технологияларын енгізу цифрлық сервистерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады, қажетті ақпаратты іздеу уақытын қысқартады және азаматтарға мемлекеттік қызметтер саласында тез бағдарлануға көмектеседі.
Мұндай кездесулер халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алудың заманауи мүмкіндіктері туралы хабардар болуына ықпал етеді.
Электрондық қызметтерді танымал ету бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімесін өткізу кезінде 15 адам қатысты.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
20 октября 2026
Гүлзарларды тазарту және оларды қысқы кезеңге дайындау жұмыстары
Чистополье ауылының шағын саябағы (Мини-парк) аумағында гүлзарларды тазарту және оларды қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізілді. Гүлдеп біткен өсімдіктер, құрғақ шөптер мен арамшөптер жойылып, қоқыс жиналды. Гүлзарлар ретке келтіріліп, қысқа дайындалды.
Ауыл тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық аумақтарға ұқыпты қарауға, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамауға және әрдайым артынан жинап жүруге шақырамыз.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
20 октября 2026
Қатты тұрмыстық қалдықтарды үймелеу жұмыстары
2026 жылдың 16 қазанында ауылдық округ аумағының тиісті санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында полигон аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) үймелеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл іс-шаралар қалдықтарды орналастыруды ретке келтіруге, аумақтың тазалығын сақтауға және абаттандыруға, сондай-ақ олардың полигон шегінен тыс жерлерге ұшуының алдын алуға бағытталған.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
20 октября 2026
Жжануарлардың бақылаусыз жайылуы бойынша түсіндіру жұмыстары
2026 жылдың 16 қазанында тұрғындар арасында ауыл шаруашылығы жануарларының бақылаусыз жайылуы және жануарларды жарық шағылыстырғыш элементтермен жабдықтау қажеттілігі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындарға жануарларды жаю ережелерін сақтаудың, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында олардың жолдарда көрінуін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдаланудың маңыздылығы түсіндірілді. Іс-шара барысында халыққа жадынамалар таратылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
20 октября 2026
16 ЖАС — АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ АЛАТЫН УАҚЫТ
16 ЖАС — АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ АЛАТЫН УАҚЫТ
16 жасқа толу — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының өміріндегі маңызды кезең. Дәл осы жастан бастап азаматқа Қазақстан Республикасының аумағында оның тұлғасын айқындайтын негізгі құжат — жеке куәлікті алу қажет.
Қайда жүгіну керек?
Алғашқы жеке куәлікті алу үшін ХҚКО-ға (Халыққа қызмет көрсету орталығына) жүгіну қажет. Құжаттарды 16 жасқа толған азаматтың өзі жеке тапсырады.
Қандай құжаттар қажет?
Жеке куәлікті рәсімдеу үшін көзделген құжаттарды, соның ішінде мыналарды дайындау керек:
  • туу туралы куәлік;
  • ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке куәлігі;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (бар болса).
Жүгінген кезде ХҚКО маманы қажетті мәліметтерді тексеріп, жеке куәлікті рәсімдеу үшін құжаттарды қабылдайды.
Рәсімдеу қалай өтеді?
Процедура өте қарапайым:
  1. ХҚКО-ға жүгіну.
  2. Қажетті құжаттарды дайындау.
  3. Фотосуретке түсу және қажетті процедуралардан өту.
  4. Өтінішке қол қою және құжаттың дайын болуын күту.
  5. Алғашқы жеке куәлікті алу.
Жеке куәлікті дайындаудың стандартты мерзімі 15 жұмыс күніне дейінді құрайды.
Алғашқы куәлік — тегін
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматы 16 жасқа толғаннан кейін жеке куәлікті алғаш рет тегін алады.
Есте сақтау маңызды: жеке куәлікті ұқыпты сақтау және заңнамада көзделген жағдайларда уақытылы ауыстыру қажет.
Жеке куәлік — бұл жай ғана құжат емес. Бұл азаматтың құқықтарын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді алу, білім алу, жұмысқа орналасу және басқа да көптеген маңызды мәселелерді шешу үшін қажетті тұлғаны растау құжаты.
Егер сіз немесе сіздің балаңыз 16 жасқа толса, алғашқы жеке куәлікті алуды кейінге қалдырмаңыз.
 
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
20 октября 2026
eGov Mobile-да «Заң және тәртіп» сервисі жаңартылды
eGov Mobile-да «Заң және тәртіп» сервисі жаңартылды
Енді бір бөлімнен құқықтық тәртіп, азаматтардың құқықтарын қорғау және цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер, цифрлық сервистер және пайдалы материалдарды табуға болады.
Пайдаланушыларға «102», Nomad Guard, Naqty Onim, қарыздар мен микрокредиттерден бас тарту сервисі, сондай-ақ сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер мен ақпараттық материалдар қолжетімді.
📱 Жаңартылған сервис eGov Mobile қосымшасында қолжетімді.
 
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
20 октября 2026
Cу өткізу құбырларын жабу жұмыстары
Чистополье ауылында көктемгі ықтимал су басудың алдын алу мақсатында су өткізу құбырларын жабу жұмыстары жалғасуда.
Көктемгі су тасқынына дайындық — елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды жұмыс бөлігі болып табылады.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы