Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері
eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты тексере алады.
Есептелген қаражат туралы мәліметтер 31 қаңтардан бастап қолжетімді болады. Егер деректер қате көрсетілсе немесе жаңартуды қажет етсе, бірнеше қарапайым қадам жасау жеткілікті.
Ата-аналар мен заңды өкілдер есептелген қаражатты:
eGov.kz электрондық үкімет порталының Жеке кабинетінде орналасқан «Цифрлық құжаттар» бөлімінде;
eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі және
kids.enpf.kz. сайты арқылы тексере алады.
Егер қосымшада немесе порталда бала туралы деректер болмаса немесе дұрыс көрсетілмесе алаңдамыз. Бұл БЖЗҚ-ның нысаналы талаптарды есептеуіне әсер етпейді.

Пайдаланушы eGov Mobile қосымшасындағы «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисі арқылы бөлімді жаңартып, қажетті деректерді енгізе алады. Өзгерістер енгізу 2-5 жұмыс күнін алады.