«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2026 жылдың 1 тоқсанында 6 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 5, заңды тұлғалардан 1.
Мәселелердің сипаты бойынша 2026 жылдың 1 тоқсанында жеке тұлғалардан ең көп түскен өтініштер: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы - 2 өтініш, заңды тұлғалардан 2026 жылдың 1 тоқсанында жер пайдалану мәселелері бойынша 1 өтініш түсті.
2026 жылғы 1 тоқсанда өтініштер саны 2025 жылғы ұқсас кезең деңгейінде қалды: жеке тұлғалардан 5 өтініш, заңды тұлғалардан — 1 өтініш түсті.
Ағымдағы жылдың басынан бері әкім аппаратында 3 жеке қабылдау өткізіліп, 3 адам қабылданды.
2025 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты өтініш білдірген адамдардың саны 1 адамға азайды (2025 жылы - 4).
Өткізілген жеке қабылдаулар ресми интернет-ресурста жарияланады, азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесі аудандық БАҚ-та жарияланады, сондай-ақ сайтта орналастырылады. Чистопол ауылдық округіәкімдігі ғимаратының фойесінде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі орналасқан.
Ауылдық округ әкімінің аппараты жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдау сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Азаматтардың барлық өтініштері «e-Otinish» бағдарламасына енгізілді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қаралады, мерзімдерді бұзуға жол берілмеді.