Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 36-15  «2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы

    Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 93 бабы 1 тармағына, 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері», 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 «2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрықтарымен, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 36-15 «2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Чистопол ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округінің бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, онын ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілген:

1) кірістер – 95 466 мың теңге:

салықтық түсімдер – 42 599 мың теңге;         

салықтық емес түсімдер – 528 мың теңге;               

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –  8 077 мың теңге;                                                    трансферттер түсімі – 44 262 мың теңге;  2) шығындар – 95 466 мың теңге;                         

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:     бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 

4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0: 

қаржылық активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0;

қарыздар түсімі – 0;    

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –0;

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
06 января 2026