Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 11 «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 29-15 «2025-2027 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Чистопол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 29-15 «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 2025-2027 жылдарға арналған Чистопол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» 2025 жылғы 1 шілдедегі № 11 ауылдық округ әкімінің шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

Тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

  1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті осы тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 118 160,5 мың теңге: 

салықтық түсімдер – 33 383,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 382,7 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер– 9 042 мың теңге;

трансферттер  түсімі – 75 352 мың теңге;

2) шығындар – 121 553,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0: 

бюджеттік кредиттер – 0;      

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 3 392,6 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –3 392,6 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 392,6 мың теңге.

      Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Ауылдық округінің әкімі                                        В.Руденкин

Дата публикации
22 октября 2025