2024 жылғы 1 тоқсанға «Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша жұмыс қорытындылары туралы есепке талдамалық анықтама

 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ, «Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 6 қызмет түрін көрсетеді:

1) Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату;

2) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

3) Жер учаскесін алуға кезекке қою;

4) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

5) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

6) Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту;

2024 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметтің 1 түрі көрсетілді (1-қосымшаға сәйкес): - «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» – 1 қызмет. Көрсетілетін қызметті қызмет беруші 2024 жылдың ақпан айында қағаз түрінде көрсетті (1-қосымша).

Сонымен қатар, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 2024 жылдың 1 тоқсанында 372 қызмет көрсетілді (3-қосымша)

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 4 ақпараттық – түсіндіру іс-шарасы өткізілді (жалпы 169 адамды қамтумен), оның ішінде :

- Чистопол ауылдық округіндегі өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы ЭҮП-да жұмыс істеуге оқыту бойынша 4 сабақ (2024 жылғы 18 қаңтар - 30 адамды қамту, 2024 жылғы 6 ақпан-82 адамды қамту, 2024 жылғы 7 ақпан – 47 адамды қамту, 2024 жылғы 6 ақпан – 10 адамды қамту);

2024 жылғы 12-15 қаңтарда ауылдық округ әкімдігінің мамандары ««Қаланың, ауылдың жерінен жер учаскесін беру»,  «Жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметтері бойынша 500 дана брошюралар таратты.

2024 жылғы 22 ақпанда «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ интернет-конференциясы өткізілді https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02EMjtdnXybX85DtoqCj5xTtwVkhoEw794CYvGDwHbhzeYFLTttBoE2sDvvEsWG7kal&id=100055426238388&loca сілтеме

Көрсетілетін қызметті алушылардан есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Ауылдық округ әкімдігі ғимаратының фойесінде стендтерде «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, сондай-ақ мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында-http://chistopol-gm.sko.gov.kz/көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ережелері орналастырылған.

Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ("ConnectionPoint") ұйымдастырылған.

 

Дата публикации
18 апреля 2024