Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 14-15 «2024-2026 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 1-тармағы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 79 бабы 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 14-15 «2024-2026 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Чистопол ауылдық округ әкімі ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округінің бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, онын ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілген:

1) кірістер – 86 116 мың теңге:

салықтық түсімдер – 18 072 мың теңге;         

салықтық емес түсімдер – 500 мың теңге; 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –  200 мың теңге;                                                        трансферттер түсімі – 67 344 мың теңге;                                                                       

 2) шығындар – 86 116  мың теңге;                         

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0: бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 

4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0: 

қаржылық активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0;

қарыздар түсімі – 0;    

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –0;

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
05 февраля 2024