2026 жылдың ІІІ тоқсанында «Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не 24 өтініш түсті. Өтініш берушілердің құрылымында жеке тұлғалар басым — 17 өтініш (70,8%), заңды тұлғалардың үлесі 7-еуді (29,2%) құрады.
2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (ол кезде 19 өтініш тіркелген болатын: 15 — жеке тұлғалардан және 4 — заңды тұлғалардан), өтініштердің жалпы саны 5 бірлікке (немесе 26,3%-ға) артты. Белсенділіктің өсуі азаматтар арасында да (+2), ұйымдар арасында да (+3) байқалады.
Есепті кезеңде заңды тұлғалардан түскен 7 өтініштің 2-уі келесі негіздер бойынша қараудан алынып тасталды:
2. Түскен сұрақтардың сипатына талдау
Тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары салалары ең көп сұранысқа ие тақырыптар болып қала береді:
3. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру
2026 жылдың басынан бері округ әкімі аппаратының басшылығымен 8 жеке қабылдау өткізіліп, онда 8 адам қабылданды.
2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (10 адам), жеке қабылдауға жүгінгендер санының 2 адамға сәл төмендегені байқалады.
Қабылдауға келген барлық азаматтарға кездесулер барысында толық жауаптар мен құқықтық кеңестер берілді, ал қосымша уақытты қажет ететін мәселелер ерекше бақылауға алынды.
Өткізілген жеке қабылдаулар ресми интернет-ресурста жарияланады, азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесі аудандық БАҚ-та жарияланады, сондай-ақ сайтта орналастырылады. Чистопол ауылдық округіәкімдігі ғимаратының фойесінде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі орналасқан.
Ауылдық округ әкімінің аппараты жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдау сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Азаматтардың барлық өтініштері «e-Otinish» бағдарламасына енгізілді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қаралады, мерзімдерді бұзуға жол берілмеді.