«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ-не 2026 жылдың II тоқсанында 14 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан — 12, заңды тұлғалардан — 2. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (жеке тұлғалардан 9 өтініш, заңды тұлғалардан — 2 өтініш түскен болатын), өтініштердің жалпы саны 3 бірлікке артты.
Өтініштердің сипаты бойынша жеке тұлғалардан ең көп сұрақтар жер пайдалану — 4 және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық — 3 мәселелері бойынша келіп түсті. Заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті, олар да жер пайдалану мәселелеріне қатысты болды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап әкім аппаратында азаматтарды 6 жеке қабылдау өткізіліп, онда 6 адам қабылданды. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қабылданған азаматтардың саны 1 адамға азайды (2025 жылы — 7 адам).
Өткізілген жеке қабылдаулар ресми интернет-ресурста жарияланады, азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесі аудандық БАҚ-та жарияланады, сондай-ақ сайтта орналастырылады. Чистопол ауылдық округіәкімдігі ғимаратының фойесінде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі орналасқан.
Ауылдық округ әкімінің аппараты жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдау сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Азаматтардың барлық өтініштері «e-Otinish» бағдарламасына енгізілді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қаралады, мерзімдерді бұзуға жол берілмеді.