Меню

Страницы

Статья

eLicense.kz порталында рұқсат беру құжаттарын автоматты түрде қайта рәсімдеу функциясы қолжетімді болды

Қызметті алу үшін тек SMS-хабарламаны күтіп, оны растау қажет. Одан кейін барлық қажетті рәсімдерді жүйе автоматты түрде жүзеге асырады. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда пайдаланушылар порталдың қолдау қызметіне жүгіне алады.

Автоматты түрде қайта рәсімдеу мына қызметтерге қолжетімді:

  • Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу;
  • Тұқым (түпнұсқалық, элиталық, бірінші, екінші және үшінші репродукциялар) өндірушілер мен өткізушілерді аттестаттау.

Жаңартылған құжат қайта рәсімдеу процесі аяқталғаннан кейін бірден eLicense.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады. Бұл жаңашылдық өтініш берушілерге уақыт үнемдеуге және құжаттарды қайта жинап, тапсыру қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.

Жаңа функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

Дата публикации
12 мая 2025
Дата обновления
12 мая 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы