Меню

Страницы

Статья

ІІМ онлайн сатып алу кезіндегі ықтимал қауіптер туралы ескертеді

Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады.

Жаппай жеңілдіктер, әртүрлі мерекелерге арналған жалпы сатылымдар кезінде азаматтар алаяқтарға алданып қалуы мүмкін. Мысалы, ақпан айында көптеген елдерде "ғашықтар күні" атап өтіледі. Осыған орай адамдар өздерінің сүйіктілеріне сыйлық жасауды жоспарлап жатады. Қаражаттан айырылып қалмас үшін ІІМ қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:

  • Тауарды тек тексерілген сайттардан немесе ресми маркетплейстерден сатып алыңыз.
  • Тым төмен бағаға қызықпаңыз. Егер жеңілдік күмәнді көрінсе, бұл алаяқтық болуы мүмкін.
  • Егер әлеуметтік желілерде "қызықты" ұсынысқа тап болсаңыз, дүкен немесе сатушы туралы мәліметтерді тексеріп алыңыз. Бұл жағдайда қалдырылған пікірлерге, тіркелушілердің санына және бөліп төлеу мүмкіндігіне назар аударған абзал. Алайда оның кепіл бола бермейтінін де есте ұстаған жөн.
  • Сатушыға бейнеқоңырау шалу арқылы өнімнің бар екеніне көз жеткізіңіз. Дүкеннің мекенжайы мен орналасқан жерін көрсетуді талап етіңіз. Егер бұл алаяқтар болса, олар түрлі сылтаулармен талаптардан бас тартып, сендіру үшін геолокация жібереді, бірақ бұл ықтимал алаяқтың айласы.
  • Төлем әдістерін тексеріңіз. Ақшаны жеке шоттарға жібермеңіз.
  • Жеке деректерді қадағалаңыз. Ешқашан құпия сөздерді, SMS-кодтарды және карта деректерін бөгде адамдарға бермеңіз.

- Мұқият болыңыз! Егер сізде күмән туындаса, ақпаратты тексеріңіз немесе сарапшылармен кеңесіңіз, - деді ІІМ.

Дата публикации
15 апреля 2025
Дата обновления
15 апреля 2025
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы