Меню

Страницы

Статья

Шетелдік дипломдарды тану eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болды

 

eGov Mobile қосымшасында шетелде алынған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды тану қызметі қолжетімді болды. Қызмет шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді.

Бұрын дипломды тану рәсімі жеке өтініш беруді және қағаз құжаттарды жинауды талап етсе, енді бүкіл процесс онлайн форматта қолжетімді. Бұл өтінішті қарау мерзімін едәуір қысқартып, қызметті пайдаланушылар үшін ыңғайлы етеді.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;
  • «Қызметтер» – «Білім» бөлімінде «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» қызметін таңдау;
  • өтінішті толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп және төлем жасау қажет;
  • өтінішті қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен растау.

Өтініш заңнамада белгіленген мерзімде қаралады. Нәтижесінде, пайдаланушы дипломды тану туралы электрондық құжатты алады немесе заңда көзделген негіздер бойынша дәлелді жауап беріледі.

Жаңартылған қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды.

Дата публикации
10 апреля 2025
Дата обновления
10 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы