Меню

Страницы

Статья

Жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады. Бұл қызмет құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған, құжат жоғалған, ұрланған немесе төлқұжат деректері өзгерген жағдайда қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері оны 7 000-нан астам адам пайдаланды.

Қызметтің басты ерекшелігі – бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі. Негізгі шарт – фотосуреті бар құжат соңғы үш жыл ішінде шығарылған болуы тиіс.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына авторизациядан өтіп, «Қызметтер» бөліміне өту қажет;
  • «Жүргізуші және көлік» бөлімінен «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдау;
  • дайын құжатты алатын ХҚКО-ны таңдау;
  • жүргізуші куәлігін ауыстыру себебін көрсету және фотосуретті жүктеу;
  • қолтаңба үлгісін жүктеп, байланыс нөмірін енгізу керек;
  • мемлекеттік бажды төлеу қажет (4 915 теңге);
  • өтінімді Face/Touch ID көмегімен растау қажет;
  • қызмет нәтижесі «Хабарламалар» бөлімінде қолжетімді болады.

Өтінім мақұлданғаннан кейін жүргізуші куәлігін таңдаған ХҚКО-дан жеке куәлікті және қолданыстағы жүргізуші куәлігін ұсыну арқылы алуға болады. Жаңа құжат берілгенге дейін бұрынғы куәлік жарамды болып қала береді (егер оның мерзімі аяқталмаса).

Қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді.

Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

Дата публикации
13 марта 2025
Дата обновления
13 марта 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы