Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы жануарларын сою туралы жадынама

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері кейіннен сатуға арналған малды сою сою алаңдарында, сою пункттерінде және ет өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылатынын білуі тиіс.

Вакциналарды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вакцинациядан кейін 15-21 күн ішінде жануарларды өлтіруге болмайтынын есте ұстаған жөн.

Малды сату, тасымалдау және сою алдында иесі ауылдық округтің ветеринар дәрігерінен №1 нысанды ветеринариялық анықтаманы алуға міндетті. Егер жануардың сәйкестендіру нөмірі болса және ӨИС ақпараттық жүйесінің (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру) деректер базасында есепте тұрса, жануарға немесе жануарлардан алынатын өнімге ветеринариялық анықтама беріледі.

Көлік құралына ерекше мән беру керек. Ол ветеринариялық – санитариялық талаптарға сай болуы және дезинфекциялау актісі болуы тиіс.

Мал сою объектілеріне түскен кезде ветеринариялық дәрігер ветеринариялық ілеспе құжаттардың бар-жоғын тексереді, жануарды клиникалық тексеруді жүргізеді, содан кейін жануарды сою, кейіннен таңбалаумен ұшалар мен органдарды тексеру жүргізіледі.

Мал сою алаңында сойылғаннан кейін ет иесіне № 2 нысанды ветеринариялық анықтама беріледі. Ветеринариялық зертханада ет пен органдарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіледі, содан кейін ғана сауда объектілерінде ет сатуға жол беріледі.

Мал сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында а / ш малдарын сою кезінде ұшасы ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының немесе өндірістік бақылау бөлімшесінің сараптама актісі (сынақ хаттамасы) негізінде берілген №2 нысанды ветеринариялық анықтамамен қоса беріледі.

Маңызды: ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын союды растайтын ветеринариялық құжаттар болған жағдайда ғана ет, ет өнімдері мен жануарлардан алынатын шикізатты сатуға жол беріледі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 406-баптың 4-тармағына сәйкес кейіннен өткізуге арналған а/ш жануарларды сою шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынады:

Жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде,

лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК мөлшерінде,

орта кәсіпкерлік субъектілеріне-100 АЕК мөлшерінде

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-200 АЕК мөлшерінде.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған айыппұл сомасы екі есеге ұлғаяды.

"Ветеринария туралы" ҚР Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық – санитариялық қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес аумақты, мал шаруашылығы үй-жайларын, сондай-ақ мал азығын, өнімі мен шикізатын сақтауға және өңдеуге арналған құрылыстарды ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге міндетті.

 

 

 

Дата публикации
06 декабря 2024
Дата обновления
06 декабря 2024
Тип
Жаднама

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы