Бүгінгі таңда құқықтық процесстердің тиімділігі әділеттілік пен заңдардың сақталуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Осы бағытта Қазақстанда қарыздарды өндіріп алуды жеделдету мен оңтайландыруға бағытталған оңайтылған іс жүргізу процесін енгізу маңызды қадам болып табылады. Бұл механизм жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі соммаларды мемлекет пайдасына (салық қарыздарын және әкімшілік айыппұлды)өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдерін едәуір қысқартып, борышкерлер үшін қосымша шығындарды азайтады.
Жалпы оңайтылған іс жүргізу дегеніміз не?
Оңайтылған іс жүргізу– бұл сот орындаушысының қатысуын қажет етпейтін атқарушылық құжаттарды орындаудің ерекше тәртібі. Атқарушылық құжаттарды орындаудағы дәстүрлі рәсімнен айырмашылығы, бұл жерде негізгі рөлді автоматтанрдыру мен цифрландыру атқарады. Бұл қажетсіз кідірістерді болдырмай, теріс пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Оңайтылған іс жүргізу аясындағыя барлық іс-әрекеттер автоматтандырылған ақпараттық жүйеде тіркеледі. Бұл жүйе атқарушылық құжаттарды орындаудың барысын қадағалап, борышкерді СМС-хабарлама немесе «egov-Mobile» қосымшасы арқылы уақытылы хабардар етеді. Осылайша, оңайтылған іс жүргізу ашық әрі қолжетімді бола түсті.
Борышкер үшін артықшылықтар.
Оңайтылған іс жүргізудің басты артықшылықтарының бірі – борышкер үшін қосымша шығындардың болмауы. Дәстүрлі рәсімдерден айырмашылығы, мұнда борышкер көбінесе сот орындаушыларының комиссиясын төлеуге мәжбүр болады, ал оңайтылған іс жүргізу кезінде мұндай шығындар қарастырылмаған. Жалпы бұл осы санаттағы атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды жылдамдатып, қосымша шығындарды қажет етпейді.
Дегенмен, егер борышкер өз міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындамаса, автоматтық жүйе оңайтылған іс жүргізу бойынша борышкердің банктегі шоттарын бұғаттап, мәжбүрлі түрде қарыз соммасын автоматты түрде шешіп алады. Бұл жиырма айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейінгі салық қырыздары мен әкімшілік айыппұлдарың өндіруду толық автоматтандырып, сот орындаушыларға жүктемені азайтады.
Болашағы.
Оңайтылған іс жүргізу – еліміздің құқықтық жүйесін жаңғыртуға жасалған маңызды қадам. Бұл қарыздарды өндіріп алу рәсімдерін жеңілдетіп, тараптардың мүдделерін қорғауға және де сот орындаушыларға қойылған жүктемені азайтуға бағытталған. Оңайтылған іс жүргізуді енгізу қосымша шығындарды болдырмай, атқарушылық құжаттардың талаптарын жылдам әрі тиімді орындауға мүмкіндік бере отырып, әділеттілік пен ашықтықты сақтайтына сенемін.
Қазақстан үшін бұл атқарушылық жүйесінің маңызды бөлігі ғана емес, сонымен қатар цифрландырылған мемлекеттік қызметтерді енгізуге жасалған қадамдардың бірі болып табылады.