Меню

Страницы

Статья

Білім туралы құжаттардың төлнұсқалығын eGov Mobile мобильді қосымшасында тексеруге болады

Білім туралы құжаттарды тану қызметі енді eGov Mobile мобильді қолданбасында да қолжетімді. Бұл азаматтарға орта және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын тікелей мобильді құрылғыдан тексеруге мүмкіндік береді. Бұған дейін қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.

Сонымен қатар, бұл қызмет жоғалған құжаттардың телнұсқаларын алу және шетелде білім алғанын растау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Осы арқылы пайдаланушылар бұрын алған білімдерін растайтын куәлікті тез және ыңғайлы түрде рәсімдей алады, жоғалған білімдерін растайтын құжатты қалпына келтіре алады немесе шетелде білім алғанын растай алады.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov мобильді қосымшасына авторизациядан өтіп, «Қызметтер» - «Білім» бөліміне өту қажет;
  • «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану» қызметін таңдау керек;
  • қажетті өрістерді толтырып, құжаттарды тіркеу және дербес деректерді пайдалануға келісім беру қажет;
  • өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қоюға болады.

Нәтижені пайдаланушы қолданбаның Жеке кабинетінде бақылай алады.

Жаңа сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

Дата публикации
03 декабря 2024
Дата обновления
03 декабря 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 декабря 2025
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Ақпарат
12 декабря 2025
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Тұрғындарға арналған ақпарат
08 декабря 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін орындау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы