Енді сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады. Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер қаражатын алу үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында «кедергісіз орта» құру азаматтардың әртүрлі санаттары үшін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Бұрын сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары қағаз түрінде құжаттар жинап, арнайы өтінімдерді ресімдеу үшін кезекте тұрған. Жаңартылған қызмет уақыт шығындарын едәуір азайта отырып, қажетті құжаттарды онлайн режимінде беруге мүмкіндік береді.
Енді қамқоршыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің келесі түрлерін алуға онлайн-өтінімдерді ресімдеу қолжетімді:
Көрсетілетін қызметтерді алу үшін:
Көрсеткен уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламмен Жеке кабинетте танысуға болады («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде).
Көрсетілетін қызметтердің жаңартылған функционалы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.